Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Колледжi тарихы

 

ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі»  КМК құрылу  тарихы  

1 ШЖҚ«Павлодар медициналық колледжі» КМК –1949 жылы  ашылған медицина бибілерінің  екі жылдық мектебі негізінде құрылған облыстағы байырғы  оқу орындарының бірі.
2 Медицина бибілері мектебінің  оқу корпусына екі сынып бөлмесі, оқытушылар мен бухгалтерия  бөлмелері ғана бар, жалпы  алаңы 120 шаршы метрден тұратын кірпіштен  жасалынған  ғимарат  берілді. 8 адамға  арналған жатақхана ретінде  кішігірім  үй сатып алынды.
3 1954 жылы  медициналық училище болып құрылған бұл  оқу орнына 1995 жылы медициналық колледж дәрежесі беріліп, «Павлодар медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны болып қайта құрылды.

Колледж қүрылғаннан бастап осы оқу орнына басшылық жасағандар

Лангемак (Белянина)  Майя Георгиевна — Павлодар екі жылдық  медбибілер мектебінің  директоры. Майя Георгиевна медицина училищесінің  директоры  қызметінде  11 жыл  істеді (1951-1962 ж.ж.). Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталып,  денсаулық сақтау саласының  үздігі болды.

Майя Георгиевна медицина бибілерін  даярлау ісіне  бар күш-жігері мен білімін  жұмсай білген, өз кәсібін жан-тәнімен сүйген  адам болды.

4

5 1963-1969 жылдар аралығында  училище   директоры қызметінде   П.З.Дубовенкова (Шульженко) болды. Полина Захаровна -акушер-гинеколог,   дәрігерлік  тәжірибесін,  білім мен білктерін  студенттеріне   дарыта білген өз ісінің шебері болатын.  Жұмыс істеген жылдары, кәсіпкерлігі, жұмысына  шығармашылықпен  және жігерлілікпен қарауы арқасында  ұжымда зор құрметке ие болды. 

1969-1978 жылдары  медицина училищесіне ҚазССР денсаулық сақтау саласының  үздігі,  Ұлы Отан  соғысына қатысушы Дынкевич Софья Абрамовна  басшылық жасады.Оның ұйымдастырушылық  дарыны  арқасында  училищенің  материалдық  базасы едәуір нығайтылды: училищеге  ғимарат беріліп, оған  оқу  корпусы мен  студенттер үшін  жатақхана  жайғасты.  6

7

1982  жылдан бастап  медицина училищесін  Гришин Илья Ильич басқарды.  Осы жылдары училищеде   шығармашылық  ұжым  топтасып,  білікті мамандар даярлайтын  оқу орнының  дәрежесі   одан ары нығая түсті.

   Илья Ильичтің  басшылығымен  училище  ұлғайып, оның  материалдық-техникалық  базасы жақсара түсті,  жаңа  бөлімшелер ашылды,   оқыту әдістемесі  жетілдіріліп,  жас мамандар даярлау сапасы үнемі   жақсарып  отырылды. 

 


«Кұрмет» орденінің иегері Сабырханова Әлия Жакеновна 1990 жылмен 2013 жыл аралығында Павлодар медициналық училищесін,  бұдан  соң колледжін басқарды. Осы жылдар ішінде басшылық  қызметті  ұстаздық  қызметпен ұштастыра білді.

1991 жылы  оның басшылық етуімен  орта  буын  медицина қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру  бөлімшесі құрылып,  кейін Үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығы болып  қайта ұйымдастырылды; елімізде тұңғыш рет колледжде эксперимент шеңберінде Павлодар қаласы орта мектептерінің профильді медициналық сыныптары үшін кәсіби мамандыққа дайындау бөлімшесі ұйымдастырылды.

            Халықаралық, республикалық, облыстық  және  қалалық басылымдарда жарияланған 50-ден астам  мақалалары бар. Республиканың медициналық оқу орындары мен  практикалық денсаулық сақтау  саласында табысты қолданылып жүрген, орта буын медицина мамандарын даярлау  жөніндегі  оқу құралдары мен  жинақтарының авторы және қосалқы  авторы болып табылады.

Республиканың және Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Финляндия сияқты шет елдердің медициналық оқу орындарымен, қоғамдық  медициналық ұйымдарымен  ынтымақтасуы колледжді  кәсіптік білім беру  саласындағы көшбасшысы  болуына мүмкіндік берді.

1998 жылы оның бастамасымен  облыстың  медбикелерінің  Қоғамдық  бірлестігі  құрылып, 2013 жылы ол «Павлодар  облысының «Саламатты Павлодар» медициналық  қауымдастығы болып қайта ұйымдастырылды.

Адал ниетпен және мінсіз  атқарған  еңбегі үшін  Әлия Жакеновна Сабырханова  мемлекеттік және  үкіметтік  наградалармен марапатталған:  Орден «Кұрмет»-2011ж., медальдер «Шапағат»-2004г.,«Еңбек ардагері (игілік абырой даңк)»-2015ж., мерейгерлік медальдер: 2001ж.,2002ж.,2004ж.,2005ж.,2006ж.,2008ж.,2011ж.,2016ж., награда белгілері «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігіне»-1997ж., «Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінін үздігіне»1997ж.,«ҚР білімінің үздігі»-1997ж.,«ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі»- 1997ж., «ҚР Құрметті қызметкері» -2006ж., «Қазақстан  Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігіне»-2006ж., «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» -2010ж.,  Белгі «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін»-2008ж.

2013 жылдан бастап  Әлия Жакеновна «Павлодар қаласының Құрметті азаматы»; Денсаулық сақтау министрлігінің,  Білім беру министрлігінің, Павлодар облысы  әкімінің, Павлодар облысының облыстық Мәслихатының  және т.б. Құрмет Грамоталары бар.

8

9 2013 жылдан бастап бұл оқу орнына  Ваганова Елена Николаевна басшылық жасайды, практикалық денсаулық  саласында істеген  мол жұмыс  тәжірибесі бар дәрігер акушер-гинеколог, әр түрлі жылдары «Облыстық перинатал-дық орталығы», «Павлодар №2  облыстық перинаталдық орталығын» басқарған. 

 

Страницы: