Жаңалықтар

Жаңа түскен кітаптарға шолу

Сіздердің назарларыңызға  басты бөлігі  медицина бойынша жаңа түскен кітаптарды  ұсынамыз. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп, француз  жазушысы  Дени Дидро  айтқандай, пайдалы  ойлай білу үшін  тартымды  оқулар тілейміз

Сестринское 1Сестринское 2

 Алмас Коптлеу «Педиатриядағы медбике ісі». Т. 1,2. (0302033 – «Жалпы практика медбикесі»     біліктілігі) Колледждерге арналған оқулық

Оқулық орта білімді медицина қызметкерлерге арналған. Педиатриядағы медбике ісі пәнінің 2014 жылғы Типті Оқулық Бағдарлама бойынша жазылған. Педиатрия саласындағы мейірбикеге қажетті барлық теориялық ақпарат әзірленген.
Оқулық медицина колледждерге арналсада, педиатрия саласында жұмыс атқарып жүрген орта білімді медицина қызметкерлерге пайдалы болу мүмкін.

 Набиев

Нәбиев Е. Н. «Ішкі аурулар клиникасына кіріспе»

Оқу құралы

Алғаш рет мемлекеттік тілде баспадан шығарылғалы отырған оқу құралы «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Оқу құралында ішкі мүшелердің ауруларына, оның ішінде жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруларына, асқорыту, зәр шығару және эндокриндік жүйелердің, сондай-ақ қан жасаушы мүшелер мен дәнекер тіндердің ауруларына қазіргі заманғы диагностика жасаудың негіздері мазмұндалған. Бірқатар дәстүрлі клиникалық әдістермен (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация) қатар, негіз боларлық зертханалық және аспаптық әдістер, соның ішінде биологиялық сұйықтықтар мен сыртқы тыныс алудың, электрокардиографияның қызметтері толық баяндалған. Ішкі аурулар бөлімдері бойынша негізгі клиникалық синдромдар келтірілген. Оқу құралы медициналық колледж оқушыларына және фельдшерлерге, емдеу ісі мамандығының студенттеріне арналған.

 пропеддиск

Мухин Н. А., Моисеев В. С.
«Ішкі аурулар пропедевтикасы»
Оқулық

Оқулықтың осы басылымы ішкі аурулардың клиникалық диагностикасы туралы мәліметтерді жинақтайды. Симптомдар мен синдромдарды анықтауда дәстүрлік және қазіргі заманға сай әдістер негізіне назар аударылған. Белгілі бір нозологиялық түрді диагностикалау үшін анықталатын белгілердің механизмі мен этиологиясын білудің маңыздылығы көрсетілген. Ішкі ағза ауруларының қысқаша сипаттамасы келтірілген. Оқулыққа қосымша аускультация және қосымша сұрақ, мәліметтер бойынша компакт-дискі және аудиоматериалдар жинағы берілген. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған.

 Калмдиск

«Емханалық педиатрия» / Профессор А. С. Калмыкованың редакциялығымен Оқулық

Рессейдің белгілі ғалымы, профессор А.С. Калмыкованың «Емханалық педиатрия» оқулығы педиатр-дәрігерлер мен жалпы тәжірибелік дәрігерлерді амбулаторлы-емханалық жағдайда балаларға емдік-профилактикалық көрмек көрсету мәселесі бойынша дайындауда кеңінен қолданыс тапқан оқулықтардың бірі. Оқулық 3 бөлімнен, 8 тараудан тұрады. Бірінші бөлімде балаларға емхана жағдайында емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру, екінші бөлімде ұйымдаскан балаларға емдік-профилактикалық көмек көрсету, үшінші бөлімде емхана жағдайында балаларға шұғыл көмек көрсету мәселелері қарастырылған. Оқулықтың ғылыми медициналық аудармасында қолданыстағы медициналық сөздіктер терминдерін қолдандық.

 пат и физпати физ

Пауков В. С., Литвицкий П. Ф. «Патологиялық анатомия мен патологиялық физиология»
Медициналық училищелер мен колледжлерге арналған оқулық

Оқулықта құрылымдық-функционалдық бірліктегі типтік патологиялық реакциялар мен аурулар туралы мәліметтер келтіріледі, процесте ағзаның барлық жүйелеріндегі аурулар патогенезінің негізгі буындары, ондағы мүшелер мен тіндердің пайда болатын морфологиялық өзгерістері және олардың функцияларының тиісті өзгерістері қарастырылады. Бұл ретте дәрігердің дәргейі болып табылатын мәселелер қозғалмайды. Медицина колледждеріне арналған оқулық 060101 «Емдеу ісі», біліктілігі «Фельдшер», сондай-ақ 060109 «Мейірбике ісі», біліктілігі «Медициналық мейірбике» мамандықтары бойынша орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес жазылған.

 физидискфизи

«Қалыпты физиология» Редакциясын басқарған РМҒА академигі К. В. Судаков
Оқулық

Оқулық қалыпты физиологиялық қызметтердің ұйымдасуы туралы қазіргі кездегі көзқарастарды көрсетеді. Жеке ағзалардың физиологиялық қасиеттері көрсетілетін дәстүрлі физиология оқулығынан айырмашылығы – осы оқулықта тұтас ағза қызметтері құрастырылуының, оның гомеостатикалық, мінез-құлықтық және психикалық үдерістерінің жүйелік негіздері берілген. Оқулықта И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медициналық университетінің қалыпты физиология кафедрасында  қалыпты физиология курсын оқытудың көп жылдық тәжірибесі көрсетілген. Жоғары мамандандырылған білім алу орнындағы студенттерге оқулық ретінде И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медициналық университеті ұсынған.

 адамфизи

Судаков К.В., Андрианов В.В., Вагин Ю.Е., Киселев И.И. «Адам физиологиясы»
Динамикалық сызбалар атласы

«Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы» – ерекше басылым. Кітапта физиологиялық үдерістер динамикасының дамуы көрсетілген. Авторлар тұтас организм жұмысының динамикасына көңіл аударған. Атласта физиологияның 13 бөлімі динамикалық сызбалар түрінде көрсетілген және олар толық сипатталып жазылған. Әрбір бөлім физиологиялық терминдермен және сандық көрсеткіштермен толықтырылған. «Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы» – медициналық жоғары оқу орындары мен университеттердің биология факультеттерінің студенттеріне арналған.

физиология

Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. «Адам физиологиясы»
Оқулық

«Адам физиологиясы» оқулығының екінші басылымы осы ғылымның соңғы жаңалықтарымен толықтырылған. Жоғары оқу орындарының медициналық және биологиялық факультеттерінің студенттері мен ғылыми қызметкерлеріне арналған.

адам анат

Әмина Күзенбаева «Адам анатомиясы»

Бұл кітап – республикадағы медицина колледждерінің студенттеріне арналған қазақ тіліндегі тұнғыш оқулық. Мемлекеттік тілде білім беру кеңінен қолға алына бастаған бүгінгі күн талабынан дүниеге келген бұл кітапта адамның тән құрылысындағы мүшелердің анатомиялық топографиялық деректері оқу бағдарламасына сәйкес түсінікті баяндалған.

микробио

Медициналық микробиология»
Б. А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының
редакциялауымен шығырылған
Оқулық

Ұсынылып отырған “Медициналық микробиология” оқулығы барлық дәрігерлік мамандықтар бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес жазылған. Оқулықта бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың жіктелуі бойынша жаңа мәліметтер ескерілген. Оқулық бірнеше тараулардан тұрады: жалпы микробиология, жеке бактериология және вирусология, медициналық паразитология, клиникалық микробиология, медициналық микология. Жалпы бөлімде микроорганизмдерді жүйелеу (систематика), олардың морфологиясы, физиологиясы, генетикасы және экологиясы туралы мәліметтер берілген. Оқулықта және де инфекция туралы ілімнің және иммунология негіздері баяндалған. Жалпы қабылданған және жаңадан енген микробиологиялық зерттеу әдәстері туралы мәліметтер келтірілген. Жеке микробиология тарауларында адамдардың бактериологиялық, вирустық, протозойлық, микоздық ауруларының қоздырғыштарының негізгі қасиеттері жан – жақты талданған. Оқулықтың соңында стоматологтар үшін микробиологияның маңызды мәселелері қарастырылған. Оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, және де медицина саласындағы тәжірибелік дәрігерлерге арналған. Авторлардың жазбаша рұқсатынсыз басыламды түгелдей немесе оның жеке тарауларын қандай түрде болсада қайта бастыруға және таратуға болмайды.

профказ

Доскеева Б. Ж. «Кәсіби медициналық қазақ тілі»
Оқу құралы

Бұл оқу құралы жалпы медицина факультетінің студенттеріне арналған. Ұсынылған мәтіндердің тілі жатық, баяндалуы жүйелі,қарапайым әрі түсінікті. Болашақ мамандықтарына қатысты кәсіби лексиканы игеру үшін берілген тапсырмалар тақырыптың жалпы мазмұнын түсінуге, байыптауға, қысқаша ақпарат беруге, науқас адаммен сұхбат өткізе білуге, сырқатнама жазып үйренуге және студенттің қазақша сөйлеуін, ойлауын, одан ары жетілдіруге бағытталған.

госфармгосфарм2

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы»
І том

ҚР МФ 2.0 І томына дәрі-дәрмектерді сынауға, сынауларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтарды, дәрі-дәрмектер сапасын бақылау әдістеріне, орайтын материалдарға, реактивтерге, стандартты үлгілерге, дәрілік қалыптарға, дәрілік препараттар өндірісінде пайдаланылатын фармацевтикалық қолданылатын субстанцияларға қойылатын жалпы талаптарды орнататын жалпы монографиялар кірген.

алгор

Адилова Л. М. «Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмдері» Оқуәдістемелік құралы қазақ және орыс тілінде
«Алгоритмы сестринских манипуляций» Учебно-методическое пособие на казахском и русском языках

Оқу-әдістемелік кешені стационардағы мейіргердің жұмысына бағытталған, 134 негізгі тәжірибелік дағды кезеңіндегі қадамдар баяндалған. Медициналық ЖОО-ның студенттері күтім бойынша барлық негізгі рәсімдерді, науқастарға күтім көрсетуі, зертханалық-аспапты зерттеулерге дайындықты білуі және қолдана алуы керек, ал алынған білім кәсіби тәжірибеде қолданылуы және бекітілуі тиіс. «Клиникаға кіріспе», «Мейірбике ісі негіздері» пәні медициналық ЖОО-ның 1 және 2-курс студенттеріне арналған. В учебно-методическом пособии поэтапно изложены 134 основных практических навыка, ориентированных на сестринскую работу в стационаре. Студентам медицинских вузов следует знать и уметь правильно выполнять все основные процедуры по наблюдению, уходу за пациентами, подготовке их к лабораторно-инструментальным исследованиям, а полученные знания и умения должны быть закреплены во время профессиональной практики.
Предназначено для студентов 1 и 2 курсов медицинских вузов, изучающих дисциплину «Введение в клинику», «Основы сестринского дела».

12

Мещерякова М. А. «Медициналық училищелер мен колледждерде арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»
Оқу құралы

Осы оқу құралы 040600 «Мейірбикелік іс» мамандығы (біліктілігі «Менеджер») жоғары кәсіптік білімінің Мемлекеттік білім беру стандартының «Педагогика оқыту әдістемесімен арнайы пәндерінің үлгілік бағдарламасына сәйкес жасалды. Оқулық «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің» бөліміне арналды және 11 тақырыптан тұрады және құрамында студенттердің сабақта және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс тапсырмалары, сондай-ақ әр тақырыпты зерделеудің табыстылығын бақылауға арналған тест тапсырмалары бар.

мирблгя

«Микробиология және иммунология негіздері» /
Редакциясын басқарған РҒА акад. В. В. Зверева,
проф. М. Н. Бойченко Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Оқулық 060101 “Емдеу ісі” 060102 “Акушерлік іс”, 060501 “Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта кәсіптік білім берудің федералдық мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде «Қазан медициналық колледжі» ГАОУ АБО әзірленген бағдарламаға сәйкес. Оқулықта 15 тарау қамтылып, жалпы және жеке микробиология, вирусология және иммунология мәселері қаралған. Теориялық материал кестелермен және суреттермен безендірілген. Әр тарауда өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар берілген. Оқулық медицина колледжінің студенттеріне арналған.

лат

Панасенко Ю. Ф. «Латын тілі негіздері медициналық терминологиясымен»
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Оқулық мазмұны орта медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелерінің студенттері зерделейтін пәндер бойынша Үлгілік бағдарламалар талаптарына сәйкеседі. Оқулықтағы материалды беру әдістемесі медицинаның кәсіптік тілі- медициналық терминология базасы ретінде латын тілін оқыту технологиясындағы соңғы жетістіктерін баяндайды.
Оқулықтың басты мақсаты-аурулардың халықаралық соңғы жіктемесі енгізілген басты биологиялық-медициналық номеклатура терминдерінің базалық құрылым ретінде латын терминологиясының атаулы сөзтіркестерін дұрыс қолдану білімін, біліктері мен дағдыларын беру. Ол үшін мектеп бағдарламасы мен қолданыстағы мектеп оқулықтарына қарағанда атаулардың грамматикалық категорияларының маңызы түсіндіріліп, олардың аталарының этимологиясы берліген. Сондай-ақ бірінші сабақтан соңғы сабаққа дейін латын фонетикасының мектебі, рецептурасының типологиясы мен терминологиясы, терминологиялық сөз жасам, дәрілік затттардың тривиалдық және сауда атаулары берілген. Отандық оқу әдебиетінде алғаш рет рецепторлық дозалауды латын тілінде оқуға арналға оқу материалы ұсынылған.

неотлож

«Ауруханаға жатқызуға дейінгі шұғыл медициналық көмек» Редакциясын басқарған профессор А. Л. Верткин
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Оқулық Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің А.И. Евдокимов атындағы « Москва мемлекеттік медико-стоматологиялық университеті» ЖКБ МББМ қызметкерлері ұжымымен әзірленген.
Кітаптада ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңдегі шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеудің негізгі алгоритмдері баяндалған; медикаментоздық терапия қағидалары келтірілген; шұғыл жағдайлардың негізгі синдромдарын емдеу сұлбасы ұсынылған; ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңдегіәдеттегі қателер мен клиникалық жағдайларды талқылау сипаттамасы берілген.Оқулық 31.02.01 « Емлеу ісі» мамандығы бойынша медициналық колледждердің, медициналық ЖОО студенттерін оқыту үшін фельдшерлерге; шұғыл көмек бөлімшелерінің мамандарына арналған.

неот

Красильникова И. М., Моисеева Е. Г. «Шұғыл дәрігерге дейінгі медициналық көмек»
Оқу құралы

Қазіргі жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде алғашқы медициналық көмек көрсету үлкен маңызға ие болып отыр, және де пациентті одан әрі емдеудің тиімділігі, кейде, пациенттің өмірі де орта буын медицина қызметкеріне байланысты болады.  Оқу құралың мақсаты- орта буын медицина қызметкерін аурудың жағдайын тез бағдарлай білуге, өте қысқа мерзім ішінде алдын ала диагноз қоюды, шұғыл және жүйелі әрекет етуді үйрету.  Бұл құралда дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету ұсынымдары, жағдаяттық міндеттер жауаптарымен, сөзтізбектер берілген.  Қосымша орта медициналық білім беру жүйесінің оқытушылары мен тыңдаушыларына, сондай-ақ медициналық училищелер мен колледждерге арналған.

микробио

«Микробиология» Редакциясын басқарғандар:
РМҒА академигі В. В. Зверева, профессор М. Н. Бойченко Оқулық

Оқулық 060301.65 «Фармация» мамандығы бойынша оқыту мен жаңа білім беру стандартының ресми бекітілген бағдарламасына сәйкеседі.  Оқулық жалпы және жеке микробиология, вирусология және иммунология мәселелері қаралған 16 тараудан тұрады. Әсіресе, дәрілік шикізат микрофлорасы мен дәрілік препараттардың микробиологиялық талаптарына және олардың сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Теориялық материал кестелермен және суреттермен иллюстрацияланған. Әр тарау жауаптары бар өздігінен дайындалуға арналған сұрақтармен аяқталады.  Медициналық жоғары оқу орындарының фармацевтикалық факультеттері мен химико-фармацевтикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

менжилиддиск

Камынина Н. Н., Островская И. В., Пьяных А. В.
«Менеджмент және лидерлік»
Оқулық

Оқулық И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Москва мемлекеттік мелициналық университеті) мейіргерлік қызметін басқару кафедрасының оқытушыларымен әзірленген.
Оқулықтың тараулары мазмұны мен құрылымы бойынша 060109 «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес. Оқулық « Менеджмент және лидерлік» пәні шеңберінде « біліктілігі- менеджер» «Мейіргерлік іс» маманығы бойынша оқитын жоғары медициналық білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған, сондай-ақ диплом алғаннан кейінгі деңгейдегі даярлық студенттеріне, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына, медициналық ұйымдардың менедждеріне пайдалы болуы мүмкін.  Басылым компакт-дискімен толықтырылған.

помош

Тюльпин Ю. Г. «Психиатрия мен наркологиядағы
мейіргерлік іс»
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Кітапта медициналық практикада көрініс тапқан негізгі психикалық барлық бұзылыстарға қысқаша түрде сипаттама берілген, олардың диагностикалық және әлеуметтік маңыздылығы, емдеу мүмкіндігі және ұсынылатын күтім жасау шаралары көрсетілген. Сипатталған бұзылуларды жұмыс жасайтын бөлімше бейініне қарамастан медбикенің бетпе-бет жиі кезіктіретіні айтылған (терапия, хирургия, неврология және т.б.). Әсіресе психофармакологиялық дәрілік заттар, олардың қауіпсіздігі, ықтимал жанама әсерлер пайда болуы мұқият сипатталған. Бұл осы дәрі-дәрмектер тобының психиатриялық бөлімшелер жағдайында кеңінен қолданылатынына байланысты. Психикалық аурумен ауыратын тұлғаларға ұйымдастыру, құқықтық, этикалық және психологиялық проблемаларына қызмет етуге зор көңіл аударылған. Жеке тарау өмірге қауіп төндіретін, шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда мейірбике тактикасына арналған.  Оқу құралы 060501 “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша дайындықтан өтуші орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларыгна арналған. Анықтамалық ретінде бұл құрал машықтанушы медбикелер үшін пайдалы болады

статанал

«Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды зерделеу үшін статистикалық талдау әдістерін қолдану» Редакциясын басқарған РМҒА мүше-корр., проф. В. З. Кучеренко
Оқу құралы

Осы оқу құралында жеке, топтық және популяциялық деңгейде денсаулық көрсеткіштерін зерттеу кезінде кеңінен қолданылатын статистикалық талдау мен халық денсаулығын қорғау, нығайту және қалпына келтіру жүйесі мекемелерінің қызметін талдау кезіндегі әдістері ұсынылған, дәлелдікке негізделген медицина тұжырымдамасы баяндалған.  Емдеу ісі, медициналық-профилактикалық, педиатрия, стоматология факультеттерінің студенттеріне практикалық сабақтарына арналған оқу құралы ретінде Ресей ЖОО медициналық және фармацевтикалық білімдері бойынша ОӘБ ұсынған. Бұл оқу құралы жоғары мейіргерлік білім факультеттерінің студенттерінің базалық дайындығы үшін де ұсынылуы мүмкін.

спецсестр

Корягина Н. Ю., Широкова Н. В., Наговицына Ю. А.,  Шилина Е. Р., Цымбалюк В. Р. «Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру»
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқу құралы

Оқу құралы мамандандырылған медбикелік күтімге арналған 6 тараудан тұрады. Күтім жасау жоспарларына енген өз бетімен дайындалуға арнаған тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар мен жағдаяттық міндеттер, мейіргерлік манипуляцияларды орындау технологиясы мен алгоритмдері, тестілік тапсырмалар, мейіргерлік құжаттамаларды дұрыс толтыру үлгілері, кестелер, схемалар осы оқу құралының негізі болып табылады. Медиицналық училищелер мен колледждердің студенттеріне, сондай-ақ мейіргерлік істің теориясы мен практикасы саласындағы білімдерді жетілдіруге арналған қосымша білім беру бөлімшелерінің тыңдаушыларына арналған.

дерм

Кочергин Н. Г. «Дерматология мен и и венерологиядағы мейіргерлік күтім »
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Терінің жұқпалы емес және жұқпалы патология негіздерін білу, жіті дерматозбен немесе ауыр аллергиялық реакциялармен ауырған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу білігі –тері және венерологиялық аурулармен ауырған науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге, алдын алу және диспансерлік іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу міндеті болып табылатын мейірбикені кәсіпке даярлаудың міндетті талаптарының бірі.  Оқулықтағы басты тақырыптар нозологиялық маңыздылығы мен практикалық өзектілігіне сәйкес жүйелі баяндалып, білім алушылардың дерматовенерология курсын біртұтас қабылдауын және емдеу-диагностикалық үрдістегі медбикенің ролін жеңілдетеді.
Дерматологияның диагностикалық «әліппесі»- бастапқы және қайталама бөртпе элементтері, дерматологиялық науқастарды тексеріп қарау әдістері, оларды емдеу қағидалары туралы басты мәліметтер берілген. Арнайы күтімді қажет ететін науқастардың басты тері ауруларына ерекше көңіл аударылған (қабыну және инфекциялық қоса алғанда, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар). Диагностикалық мақсаттар үшін науқастардан жағын материалын жинау манипуляциялары, сыртқы терапияның емдеу рәсімдері, «медбике-науқас» қатынастарының деонтологиялық мәселелері туралы егжей-тегжейлі сипатталған. Оқулық «Медбикелік іс» мамандығы бойынша «Тері және венериялық аурулар» бойынша білім алатын медициналық училищелер мен колледж студенттеріне арналған.

сестр

Сопина З. Е., Фомушкина И. А., Костюкова Э. О. «Мейірбикелік істің замануи әдіснамасы»
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқу құралы

Бұл оқу құралы «Мейірбикелік іс» мамандығы бойынша орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына, сондай-ақ «Мейірбикелік істің замануи әдістемесі» пәні бойынша үлгі бағдарламаға сәйкес әзірленген. Басылымға мейірбикелік істің теориялық-әдістемелік негіздері, оны дамыту стратегиясы, ғылыми зерттеу және замануи технологиясы енген. Оқу құралы медицина колледждерінің студенттеріне арналған.

реабил

«Реабилитация негіздері» Редакциясын басқарған проф. В. А. Епифанова, проф. А. В. Епифанова
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Оқулық оңалту іс-шараларының технологиялары мен динамикалық анатомиясы, биомеханикасы, физиологиясын дамытудың замануи деңгейін ескере отырып, үшінші буынның федералдық мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жазылған. Кітапта поликлиникалық – стационарлық-курорттық емдеу кезеңдеріндегі (дене шынықтыру мен жаттығулар, құнарлы тамақтану, психопрофилактикалық, физикалық факторлар, манипуляциялық терапия элементтері) оңалту негіздері жарияланған.  Жүйке жүйесі мен ішкі ағза аурулары, тірек-қимыл апппаратының жарақаттары мен аурулары бар науқастарды оңалту емінің соңғы әдістері сипатталады.
Педиатриядағы оңалту іс-шараларын өткізудің ерекшеліктері қаралған. Аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша ұсынымдар берілген. Басылым медициналық училищелер мен колледждерге арналған.

анатом

Горелова Л. В., Таюрская И. М.
«Схемалар мен кестелердегі анатомия»
Оқу құралы

Оқу құралы РФ Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген бағдарламаға сәйкес, адамның қалыпты анатомиясы мен физиологиясы бойынша әзірленіп, медицина училищелерінің студенттеріне арналған. Бұл құралда анатомия және физиологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері туралы қысқаша мәліметтер берілген, ағзаның ішкі және сыртқы орта әсерінен қорғау мәселелері түсінікті берілген. Кітап 13 бөлімнен тұрады. Оқу- танымдық үрдісті оңтайландыру мақсатында негізгі материал кесте, сондай-ақ графикалық құрылымдар түрінде баяндалған. Әр бөлімнен кейін өзін-өзі басқару үшін сұрақтар берілген, әр бөлімнің қорытындысында – тест-бақылау, оқулық саңында- тест-бақылау сұрақтарына жауаптар шаблоны бар.

кожаные

Зудин Б. И., Кочергин Н. Г., Зудин А. Б. «Кожные и венерические болезни»
Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық

Оқулық И.М. Сеченов атындағы Бірінші Москва мемлекеттік медициналық университеті. Оқулыққа тері аурулары, науқастар күтімінің тактикасы және емдеу қағидалары туралы замануи мәліметтер берілген. Әсіресе жұқпалы және дермотоз ауруларының пайда болуына көңіл аударылған. Оқулықта терінің нақтылы аурулары кезіндегі деонтология, дәрігерге дейінгі медициналық көмек пен емдеу- алдын алу мәселелері қаралған.

нормфиздиск

«Қалыпты физиология» Редакциясын басқарған РМҒА академигі Б. И. Ткаченко
Оқулық

«Қалыпты физиология» оқулығының үшінші басылымы Ресей медициналық жоғары оқу орындарына арналған «Қалыпты физиология» пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты мен бағдарламасына сәйкес әзірленген. Оқулық 24 тарау, 4 бөлімнен тұрады: «Адам физиологиясының фундаменталдық негіздері», «Реттеу және басқару жүйелері», «Адамның тіршілік ету жүйесінің функциялары», «Ағзаның интегративтік функциялары». Ағзаның функциясы физиологиялық үрдістердің молекулярлық механизмдері туралы қазіргі заманғы түсініктер тұрғысынан жүйелі, ағзалық және ұлпалық деңгейде қаралған.
Материалдардың бір бөлігі (жеке тараулары, иллюстративтік материал мен бейнефильмдер) қоса берілген электрондық тасушада ұсынылған. Оқулық студенттерге, аспиранттар мен оқытушыларға арналған, медико- биологиялық бейіндег клиникалық ординаторлар мен іқылыми қызметкерлерге арналған.

общ

Запруднов А. М., Григорьев К. И. «Балаларға жалпы күтім»
Оқу құралы

Бұл оқулықтың төртінші басылымы ( бірінші басылымы 1989 жылы РМҒА мүше-кор. А.В. Мазуриннің қатысуымен шықты) «Иммунопрофилактика», «Педиатриядағы мейірбикелік іс негіздері», « Қарапайым физиотерапевтік емшаралар техникасы» тарауларымен толықтырылған. Тарау мазмұндары эндокринді аурулары, ас қорыту аурулары бар балалар күтімінің ерекшеліктері бойынша шұғыл жағдайлармен айтарлықтай толықтырылған. Иллюстративтік материалмен жақсартылып, толықтырлған. Педиатрияның соңғы жетістіктерін ескере отырып, емшек ему және ерте жастағы балалар тәрбиесі мен күтімінің мәселелері баяндалған. Науқас балалардың жалпы күтімінің ең маңызды бөлімдері бойынша жағдаяттық міндеттер келтірілген. Қосымшаларында «РФ медбикесінің этикалық кодексі» мен халықаралық « Медбикелердің этикалық кодексінің» толық мәтіндері ұсынылған. Бұл оқу құралы медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған. Ол сондай-ақ медбикелер мен дәрігер- педиатрларға да пайдалы болуы мүмкін.

 основыдетей

«Балалар денсаулығын қалыптастыру негіздері»
Редакциясын басқарған проф. А. С. Калмыкова
Оқулық

Кітапта балалар денсаулығы туралы ұғымдар,өмір сүру ортасы және оның денсаулыққа әсері баяндалып, балалар денсаулығын бағалаудың замануи аспектілері көрініс тапқан. Дені сау бала проблемалары, әр жастағы балаларды тамақтандыру замануи талаптарын егжей-тегжейлі сипатталған. Балаларға профилактикалық тексерулер ұйымдастыру мен өткізу бөлімдеріне әр жастағы дені сау балалардың үздіксіз медициналық қадағалануы, атап айтқанда, жаңа туған нәрестелерге аурулар скринингісі, ерте неонатальдық кезеңдегі шекаралық жай-күйі, оның патологиялық ағымға ауысу қауіпі туралы басты түсініктер енген.Балалардағы жұқпалы аурулардың вакциналық- алдын алуын ұйымдастыру замануи деңгейде қаралған. Үлкен бір бөлімі мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемеге баратын балаларға медициналық көмек мәселесіне арналған. Жасөспірімдік медицина, салауатты өмір салты тәрбиесі, зиянды әдеттердің алдын алу, олардың денсаулыққа әсері жеке сипатталған. Оқулық 060103 “Педиатрия” мамандығы бойынша «Балалардың денсаулығын қалыптастыру негіздері» пәні бойынша қолданыстағы типтік оқу бағдарламасына және Ресей Білім және ғылым министрлігімен 2010ж.08.11 №1122 бұйрығымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің федералдық мемлекеттік стандартына сәйкеседі. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

педиатрия

Цыбулькин Э. К. «Неотложная педиатрия.
Алгоритмы диагностики и лечения

Кітап шұғыл педиатрия бойынша мәліметтерді қамтиды және де оқырманға балалар жасындағы ең ауыр және қауіп төндіретін жиі кездесетін ауруларды емдеу тактикасы мен әдістерін таңдау, диагностикалау кезінде туындаған проблемаларды шешудің қысқа мерзім ішінде оңтайлы жолын табуға көмектеседі. Диагностикалық және емдеу алгоритмдері машықтанушы дәрігерлер үшін әдетке айнала қоймаған, бірақ олар клиникалық ойлау логикасына үндес, сондықтан олар тез және сенімді түрде игеріліп, көпке дейін жадыда сақталып қалады. Бұл жағдай бірінші медициналық көмек көрсететіндер үшін өте маңызды болып табылады.  Бұл кітап ең алдымен, ауруханаға жатқызуға дейінгі кезең медиктері: поликлиника, жедел медициналық көмек дәрігерлері мен қабылдау бөліміндегі кезекші қызметкерлер үшін пайдалы болады. Сонымен бірге, бұл кітап, өзінің дәрігерлік жолын жаңа ғана бастағандар үшін де қажет болары сөзсіз.

доказмед

Триша Гринхальх «Дәлелді медицина негіздері»
Ағылшын тілінен аударылған

Бұл кітап – әлемнің көптеген елдерінде зор маңызға ие болып, 8 тілге аударылған дәлелді медицина тұрғысындағы ең танымал кіріспе. Бұл кітап оқырманға дәлелді медицина, оның әдістері және ол медициналық білім мен машықтанушы дәрігер жұмысында қандай орын алатындығы туралы анық түсінік алуға мүмкіндік береді.  Дәрігер, студент, оқытушы кітапты оқып шығып, кездесетін проблемалары бойынша туындаған сұрақтарының жауабын табуды, кликликалық мәселелерін дұрыс қалыптасытпуды үйренеді. Medline деректер базасында мәліметтер іздестіру әдістері нақтылы мысал келтіру арқылы берілген. Кітаптың көп бөлігі медициналық әдебиетті сыни тұрғыда бағалауға арналған (зерттеу сапасы, оның нәтижелерінің нақтылы науқасқа қатысты қолданылуы).
Дәрілік затттардың клиникалық сынағын, диагностикалық және скринингілік тестілерді, жүйелі шолуларды, клиникалық ұсынымдар мен экономикалық талдауларды қалай бағалау керектігі қолжетімді, түсінікті тілмен сипатталған.
Соңғы тарау клиникалық практика мен денсаулықты ұйымдастыруға дәлелді медицина жетістіктерін енгізуге арналған. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, денсаулық сақтау ұйымдастырушыларына және барлық мамандықтардың машықтанушы дәрігерлеріне арналған.

уход

Ослопов В. Н., Богоявленская О. В. «Терапиялық бейіндегі науқастарға жалпы күтім»
Оқу құралы

Оқу құралының төртінші басылымында медбикелік істің замануи ерекшелігі ескерілген терапевтік клиникадағы науқастар күтімінің басты мәселелері баяндалған. Әсіресе, орта буын медицина қызметкерлерімен орындалатын медициналық емшаралар мен манипуляцияларды егжей-тегжейлі талдауға ерекше көңіл бөлінген. « Медициналық этика негіздері» бөлімі қайта өңделген, медициналық терминологиясы «Ресей федерациясындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудың негіздері туралы» Федералдық заңға сәйкес келтірілген (2011-2012).  Оқу құралының бөлімдері толықтырылған, атап айтсақ, «Аурухананың терапиялық бөлімшесі» («Антропометрия», « Терапиялық бөлімшенің санитарлық- эпидемиологиялық режимі» бөлімдері), «Науқастардың тамақтануы». Артериалдық гипотензия бойынша мәліметтер берілген.  Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне «Науқастардың жалпы күтімі» пәнін зерделеуге, сондай-ақ студенттерге оқу практикасы мен (1 курс) «Кіші медицина қызметкерінің көмекшісі» (1 курс) , «Палата медбикесінің көмекшісі» және «Емшара медбикесінің көмекшісі» (II-III курс) өндірістік практикасын өтуге арналған.

онко

Вельшер Л. З., Поляков Б. И., Петерсон С. Б. «Клиникалық онкология. Таңдамалы дәрістер»
Оқу құралы

Дәрістер курсы А.И. Евдокимов атындағы Москва мемлекеттік медико-стоматологиялық университетінің онкология мен сәуле терапиясы кафедрасының және И.М. Сеченов атындағы Бірінші Москва медициналық университетінің және Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университеті кафедрасы ұжымының қызметкерлерімен әзірленген. Авторлар осы дәрістер курсын жоғары оқу орындарында онкологияны оқытудың замануи тұжырымдамасын ескере отырып әзірлеген. Дәріске студенттер, интерндер мен ординаторлар үшін “Онкология” мамандығының басты бөлімдері енген. Дәрісте басты онкологиялық аурулардың этиологиясы, патогенезі, жіктелімі, тексеріп қарау әдістері мен еміне қатысты замануи мәліметтер баяндалады.  Дәріс оқу құралы ретінде жоғары оқу орындарының студенттеріне, интерндерге, ординаторлар мен аспиранттарға арналған, сондай-ақ жалпы бейіндегі дәрігерлер үшін анықтамалық ретінде қолдануға болады.

мединфр

Кобринский Б. А., Зарубина Т. В. «Медициналық информатика»
Оқулық

Оқулық « Денсаулық сақтауды » даярлау бағыты бойынша Федералдық мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Медициналық міндеттерді шешу үшін стандартты қолданбалы бағдарламалық құралдардың қолданылуы туралы мәліметтер берілген. Медициналық ақпараттық жүйенің басты түсінігі баяндалған. Машықтанушы дәрігер қызметін қамтамасыз етуге бағытталған медициналық информатиканың мүмкіндіктері көрсетілген. Электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету мен емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру міндеттерін қабылдау жүйесі сипатталады.  Оқулық жоғары медициналық білім беретін мекеме студенттеріне арналған.

 русс

Жанпейс У. А., Озекбаева Н. А., Даркембаева Р. Д. «Орыс тілі»
Оқулық

Оқулық «Жалпы медицина», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», « Медициналық- алдын-алу ісі», « Медбикелік іс», «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент» мамандықтары бойынша оқитын 1 курс студенттеріне арналған және медициналық жоғары оқу орындарына арналған « Орыс тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамдарының бірі болып табылады.  Оқулықтың басты мақсаты- студенттерге болашақ кәсіптерінің тілін игеруі үшін тілдік және сөйлеу базасын қалыптастыру. Осы курстың міндеті ЖОО оқу кезеңінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени, қоғамдық және оқу- кәсіптік салада қарым-қатынас жасау үшін коммуникативтік құзыреттерді жетілдіру болып табылады. Оқулықты медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық бейіндегі колледждерде қолдануға болады.