Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Материалдық-техникалық базасы

ШЖҚ «Павлодар  медициналық  жоғары колледжі» КМК 

материалдық-техникалық  базасы туралы ақпарат

         Павлодар медициналық жоғары колледжі типтік оқу ғимаратында орналасқан.  Қазіргі уақытта жеке тұрған 3 корпуста кабинеттер, дәрістік аудиториялар, зертханалар, практикалық және теориялық сабақтарға арналған оқу аудиториялары, сондай-ақ біреуінде шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлары орналасқан.

         Жалпы көлемі-6545,1 кв.м., оның ішінде оқу алаңы-6394,6 кв.м. осыған орай қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкеседі. Бір оқушыға 6,3 кв.м. келеді.

ҚР  МЖБС  талаптарын  жүзеге асыру шеңберінде  колледж әкімшілігі    оқу кабинеттері мен зертханаларында практикалық  денсаулық сақтау  саласының талаптарына,  студенттердің  болашақ  кәсіптерінің нақты жағдайларына  барынша жақындатылған замануи  білім беру  ортасын  жасап отыр. Жарық оқу корпустарында  кабинеттер мен зертханалар  орналасқан, көлемі-250,8 кв.м. акті залы, 250 орындық асхана, 30 орындық оқу залы бар кітапхана, жалпы көлемі 267,9 кв.м. спорт залы мен   спорттық іс-шаралар өткізуге арналған кәсіптік  футбол алаңы бар.

2014 жылы  колледжге  күрделі жөндеу жүргізілді.  Оқу сабақтарын өткізу үшін  колледжде 41 кабинет пен зертхана жабдықталған, 10 кабинет медициналық ұйымдарда орналасқан.   Колледж  әкімшілігімен  материалдық-техникалық базаны нығайту  жөніндегі іс-шараларды жоспарлы жүргізеді.  Кабинеттерде  орта буын медицина қызметкерінің  жұмысына қажетті  базалық және  кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін  жағдайлар жасалынған.  Кабинеттердің  рәсімделінуі  болашақ маманның жұмыс орны құрылымына барынша жақындатылған. Шұғыл көмек дағдыларын жеке компьютерде игеруге арналған өзінің клиникалық сценарийлерін жасауда бағдарламалық  лицензиясымен іске қосылатын компьютерлік робот-симуляторымен; босандырудың көпсалалы компьютерленген манекені (босанушы мен жаңа туған бала), аспаптық босандыру тренажері, емделушілерді күту манекені, кеңейтілген нұсқасы, жүрек-өкпе реанимациясы барысының мониторингісі бары жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған нәрестенің манекен-имитаторы, Wi-Fi қолдауы бар Амбу жүрек-өкпе реанимациясы мен  дефибриляциясына арналған фантом-жүйе, ересектер мен жаңа туған балаларға арналған ларингоскоп пен «Амбу» типіндегі қапшық жиынтығымен трахея интубациясы үшін электр моделі, жарақаттар үшін  жақсартылған тренажер, трахеостомияға арналған тренажер, пневмо-гидроторакс имитациясы бар өкпеқап қуысына пункция мен дренаждауға арналған тренажер, өкпе мен жүрекке аускультациялау, ішті пальпациялауға  арналған  цифрлы манекен және т.б. замануи  медициналық тренажерлермен  жарақтандырылған симуляциялық орталық ашылды.

Колледж  оқу-тәрбие  үрдісіне  ақпараттық технологияларды  қолдану бойынша  тиімді жұмыс жасайды. 5 компьтер сыныбында 140 компьютер орнатылған.   Компьютермен  және  оргтехникамен колледждің  барлық  құрылымдық   бөлімшелері  қамтамасыз етілген. Компьютерлердің барлығында ақпараттық Интернет ресурстарға мобильді  тегін  сымсыз  қолжетімділікті ұсыну үшін  үш оқу корпусында WI-  FI жүйесі  орнатылған  кең жолақты  интернет арна арқылы  Интернетке  шығу бар.

12 дана интерактивтік  тақта  бар.

Онлайн режимінде  бейне конференция  дәріс өткізуге  мүмкіндік беретін  бейнеконференц-зал  жабдықталған. Тілдік пәндерді  оқытуда  толыққанды  жағдайлар жасау, білім беру  ортасына   жаңа мультимедиялық  технологияларды  қолдану үшін  лингафон кабинеті  жұмыс жасайды.

Колледжде  электрондық кесте жүйесі бар. Төрт монитор  тәулік бойы  әр топтың  күнделікті кестесін көрсетіп тұрады. Студенттер мен  оқытушыларға  оқу сабақтарының, сессиялардың, мемлекеттік емтихандардың  кестелерін,  спорт секцияларының жұмыс  графиктерін біліп тұруына мүмкіндік беретін  электрондық  терминал  орнатылды.

Колледж студенттері мен  қызметкерлерінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік  бағдарламалық жасақтары мен  бір мезгілде  барлық  камераларды  бейне бақылау мүмкіндігі бар  86 ішкі және сыртқы  бейнекамералардан тұратын  бейнебақылау  жүйесі  жұмыс жасайды.

Кітапхананың көрсеткіші  1.11.2016 жылғы көрсеткіші бойынша жалпы кітап қоры-84793 дананы құрды (оның ішінде 9903 данасы  мемлекеттік тілде).

   Оқулықтар қоры-390 (оның ішінде  мемлекеттік тілде 44 дана), мерзімді басылымдар-39 атау.  Колледж студенттері мен  қызметкерлері үшін  электрондық  оқу материалдарына қолжетімділігі бар  медиатека  жұмыс жасайды.

Кітапханада «MARK-SQL электрондық  каталогтың  автоматтандырылған  ақпараттық- кітапханалық жүйесі» қолданылады.  3 электрондық каталог: «Мектеп кітапханасы», « Кітаппен қамтамасыз ету»,  «Мультимедиялық  басылымдар»  жүргізіледі.

Колледж студенттеріне,  оқытушылар мен қызметкерлерге  медициналық қызмет көрсетуді  медпункт дәрігері және  медбикесімен   жүргізіледі.  Кабинеттің медициналық қызметі Павлодар облысы  Денсаулық сақтау  басқармасымен берілген  лицензияға сәйкес  жүзеге асырылады, барлық жұмыс  жоспарлаған сәйкес жүргізіледі.   

Страницы: