Аккредиттеу
![]() |
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI |
![]() |
![]() |
Аккредиттелген колледжілер тізімі | Аккредиттелген бағдарламалар тізімі |
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
Қызметі мен білім беру бағдарламалары сапасын бағалау мақсатында ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК 2016 жылы:
I. Институционалдық аккредиттеуден
II. Мамандандырылған аккредиттеуден бес мамандық бойынша табысты өтт
- * 0301000 «Емдеу ісі»
- * 0302000 «Медбикелік іс»
- * 0304000 «Стоматология»
- * 0306000 «Фармация»
- * 0307000 «Ортопедиялық стоматология»
Аккредиттеу үрдісі үш кезеңде өтті:
Бірінші кезең (алдын- ала жасалған қадамдар)
- Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық агенттігіне колледждің өтініш беруі (бұдан ары-БСҚТҚА)
- БСҚТҚАмен колледж арасында екіжақты шарттың жасалуы
- Колледжге үйлестірушінің алдын-ала келу сапары
- Өзін-өзі бағалау бойынша есеп дайындау жөнінде әкімшілік, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бөлімше меңгерушілері үшін оқыту семинарларының өткізілуі
- Өзін-өзі бағалау туралы есепке дайындық.
Екінші кезең (сыртқы бағалау – колледжге келуімен аудит)
1. Колледжде сыртқы аудитті өткізу
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Үшінші кезең (Аккредиттеу кеңесімен колледжді аккредиттеу туралы мәселе қарау).
2016 жылғы 18 маусымда өткізілген Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша шешім шығарылды: Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде 5 жылға аккредиттелінсін.
2016 жылы колледж институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы БСҚТҚА куәлігін алды.