Павлодар облысы Әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Біздің ұранымыз: «Кәсіпқойлық және қайырымдылық- біздің үндеуіміз»

Медиатека

Медиатека туралы жалпы мәліметтер

 

Кітапхана жұмысына  жаңа  ақпараттық  технологияларды енгізу 2004 жыл  басталды. Колледж басшылығы оқу  орындары кітапханасындағы жаңа  инновациялық  ақпараттық өгерістердің қажеттіліктері мен маңыздылығын ескере отырып, кітапхананың толыққанды жұмыс жасауы үшін, оны барлық қажетті бағдарламалық және аппараттық құралдармен қамтамасыз ете отырып,  облыстағы орта арнайы оқу орындары арасында  алғашқылардың бірі болып  Павлодар медициналық колледжінің кітапханасы құрылымына жаңа қызмет  ету пункті-медиатеканы енгізді.

Бүгінгі күндері  кітапхана  балансында тұрған түрлі ақпараттық  тасушылардағы  электрондық әдебиет саны – 1955 басылымды құрайды (оның ішінде  мемлекеттік тілде – 225 басылым), бұлар-оқулықтар мен анықтамалық басылымдар, сондай-ақ ғылыми-көпшілік, көркем фильмдер  және т.с.

Бүгінгі күндері колледж кітапханасының  дамуының  басты бағыттары – бұл кітапханалық үрдістің автоматтандырылуы және мультимедиялық технологиялар негізінде  оқырмандарға  көрсетілетін қызметтердің ұсынылуы.

2016  жылдан бастап  кітапхана жұмысына кітапхана қорын толық автоматтандыру және  электрондық  кітапханалар құруға арналған «Кітапхана ісі» атты  бағдарламалық қамтамасыз ету  қолданылуда. 

 

Кітапхананың автоматтандырылған жұмыс нәтижелерінің бірі кітапхананың есептік құжаттамаларының электрондық нысанының жасалуы: абонементтің, оқу залының, медиатеканың күнделіктері, кітапхана қорының суммарлық есеп кітабы. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлерімен колледж оқытушылары оқытатын барлық  пәндер бойынша «Кітаппен қамтамасыз етілу» электрондық қаталог пен «Мультимедиялық басылымдар» каталогы жасалынды.

Кітапхана пайдаланушыларының осы каталогтардың көмегімен қажетті басылымдарды автоматтандырылған іздестіру арқылы тауып алуына және  олардың көмегімен барлық мамандықтар бойынша оқулықтардың қамтамасыз етілуін анықтап, медиатека қорында бар электрондық басылымдар  тізбесін көруге мүмкіндіктері бар.

«Жаңа формациядағы  ұстаз»  электрондық  тақырыптық мақалалар картотекасы мерзімді басылымдардан алынған педагогикалық қызметтің  инновациялық нысандарына арналған мақалалар туралы  ақпараттардан тұрады. Картотеканың ыңғайлылығы  әр мақаланың  қысқаша  мазмұнының болуында.

Кітапхана қызметкерлері көшірме жолымен мерзімді басылымдардың үлкен тізбесін жасайды, ұлы тұлғалар өмірі мен шығармашылығына құрастырылған буклеттер, өлкетану жөніндегі, Қазақстан тарихы мен халқының  мәдениеті  жөніндегі құралдарды кітапхана оқырмандары абонементтік қызмет ету арқылы  белсене қолданады.

 

Страницы: